×

Оралда құрылыс компаниясы пайдаланбаған жер қайтарылды

Жоспардан тыс тексеру жүргізілген

 Қымбат Елтайқызы 22.08.2024 | 11:50
фото: Halyq Uni

Орал қаласында 3 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Түскен өтініш негізінде Батыс Қазақстан облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Оралдағы ЖШС-тің біріне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Тексеру нәтижесінде көпқабатты үйлерді салу және оларға қызмет көрсету үшін берілген 3,3 га жер учаскесінің ұзақ уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталды, – деп қосты ведомство.

Департамент заңбұзушылықтарды бір жыл мерзімде жою туралы нұсқама берді. Белгіленген мерзімде талаптар орындалмады. Осыған байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап арыз берілді.

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама