Бұл миллиардтаған қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді
Әділет министрлігі Қазақстанның бүкіл аумағында «Цифрлық сот орындаушыны» іске қосты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Министрлік мәліметінше, бұл жүйе азаматтардың 5 миллиард теңгеден астам қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Мұндай мүмкіндік Әділет министрлігінің бастамасымен жеңілдетілген өндірістің жаңа институты аясында халық игілігіне ұсынылып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, азаматтардың кредиттелуін төмендету және әділет органдарының жұмысын одан әрі цифрландыру бойынша заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді, – деп қосты ведомство.
Бұрын қарызды уақтылы өтемеген жағдайда, азаматтар жеке сот орындаушының қызметі үшін айыппұл сомасына қосымша 25% қаражат төлеуге міндетті болған. Енді азаматтар осы шығындардан және ЖСО-на барудан босатылады. Мәселен, 20 АЕК-ке дейінгі сомадағы оңайлатылған өндіріске азаматтар EGOV Mobile-да іс туралы егжей-тегжей ақпараты бар 1414-тен SMS хабарламалар мен push-хабарламалар алады.
Халыққа ыңғайлы болу үшін барлық қамтамасыз ету шарасын (тыйым салу) автоматты түрде алып тастай отырып, берешекті онлайн төлеу қолжетімді. Осылайша, адами фактор толығымен алынып тасталады. Алдын ала есептеулер бойынша жеке сот орындаушыларына қызмет ақысының 25% алып тастау есебінен жыл сайын азаматтардың қаржылық жүктемесі шамамен 5,5 млрд теңгеге төмендейді деген болжам бар.
Осылайша, сот орындаушыларымен байланысудың қажеті жоқ. Барлық әрекет онлайн режимінде жүргізіледі және өндірісті тоқтату және қамауға алуды алып тастау үшін түбіртектер мен басқа да растайтын құжаттарды ұсыну да қажеті емес. Күнтізбелік 30 күн ішінде атқарушылық құжаттың (оңайлатылған іс жүргізу бойынша) талаптары орындалмаған жағдайда, іс жеке сот орындаушысына орындауға беріледі және одан кейінгі атқарушылық әрекеттер комиссияны өндіріп ала отырып, жалпы тәртіппен жүзеге асырады, – делінген ақпаратта.
Биылғы жылдың 18 қаңтарынан бастап бұл жоба Тараз бойынша сынақтан өткізіліп, азаматтардың ақшалай міндеттемелерін төмендету, қағаз құжаттардан толық бас тарту және атқарушылық іс жүргізуді орындау процесінде адами факторды алып тастау түрінде оң нәтиже көрсетті.