×

Биыл елімізде халықаралық ақша аударымдары азайды

Қаржының басым бөлігі шетелге жіберіліпті

 Қымбат Елтайқызы 21.08.2024 | 10:38
фото: Halyq Uni

2024 жылдың 6 айында халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы 515 миллиард теңгеден астам қаржы аударылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

2024 жылдың І жартыжылдығында халықаралық ақша аударымдары жүйесі (ХААЖ) арқылы жүргізілген аударымдардың жиынтық мөлшері 2023 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 19%-ға төмендеп, 515,3 млрд теңге болды, деп мәлімдеді Ұлттық банк.

ХААЖ арқылы жүргізілген аударымдардың дені (94%) – жеке тұлғалар арасындағы өтеусіз аударымдар. Бұл осы жүйелердің жеке аударымдар үшін ыңғайлы болуында, себебі мұнда банктік шоттарды ашу қажет емес, – деп қосты ведомство.

ХААЖ арқылы жүргізілген аударымдардың негізгі бөлігі (98%) Қазақстан мен басқа елдер арасындағы трансшекаралық аударымдарды білдіреді. Оның 75%-ы шетелге жіберілді. Ол 2024 жылдың І жартыжылдығында 383,8 млрд теңгені құрайды. Бұл аударымдардың шамамен 87%-ы «Золотая Корона» жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Қазақстаннан шетелге жүргізілген бір аударымның орташа сомасы 330,1 мың теңге болады. Негізгі алушы елдер: Ресей (31,2%), Өзбекстан (26,8%), Түркия (20,9%), Грузия (7,7%) және Қырғызстан (3,6%). 

Шетелден алынған аударымдар жалпы көлемнің 23%-ын құрады. Бұл 120,4 млрд теңгеге тең. Бұл аударымдардың едәуір бөлігі «Золотая Корона» және «Вестерн Юнион» төлем жүйелеріне тиесілі. Шетелден Қазақстанға жүргізілген бір аударымның орташа сомасы 279,3 мың теңге болады. Негізгі жөнелтуші елдер – Ресей (28,3%), АҚШ (12,4%), Оңтүстік Корея (11,2%), Өзбекстан (9,7%) және Түркия (7,4%).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама