×

Алматыда жол құрылысындағы жемқорлық тәуекелдері анықталды

Осы салада жемқорлық азаймай тұр

 Қымбат Елтайқызы 21.08.2024 | 10:15
фото: ҚазАвтоЖол

Алматы қаласының жол құрылысы саласында бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жолдарды салу және жөндеу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу шеңберінде кеңес ұйымдастырды. Іс-шара мемлекеттік органдардың, Жол активтерінің сапасы Ұлттық орталығының филиалы өкілдерінің, тапсырыс берушілер мен мердігерлердің қатысуымен өтті, деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті.

Алматының жол инфрақұрылымы азаматтар тарапынан да, бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан да жиі сынға ұшырайды. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство жолдарды салу мен жөндеуге бюджет қаражатын жоспарлау және жұмсау процестерін егжей-тегжей талдауға назар аударып отыр.

2020-2024 жылдар кезеңінде Алматы қаласының жолдарын жөндеуге шамамен 242,4 млрд теңге бөлінді. Бөлінетін қаражаттың едәуір көлеміне қарамастан, осы саладағы кемшіліктер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:

  • тиімсіз жоспарлау (іске асырылмаған ЖСҚ, жылу-сумен жабдықтау желілерін жөндеуден кейін жол төсемін қайта қалпына келтіру);
  • мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың мерзімдерін ұзарту кезіндегі заңбұзушылықтар;
  • бір көшеде жөндеу жұмыстарын екі рет орындау фактісі;
  • шекаралар мен іргелес аумаққа қойылатын талаптарды қамтамасыз етпеу;
  • қосалқы мердігерлерде жол құрылысы саласында тиісті материалдық-техникалық жарақтандырудың және тәжірибенің болмауы.

Бұдан басқа, іс-шара барысында арнайы жұмыс тобының көшпелі мониторингінің нәтижелері айтылды. Онда анықталған заңбұзушылықтар толтырылып, уәкілетті органдардың атына тиісті ұсынымдар енгізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама