Елімізде 7 кеме құрастырылады
Сауда флотын дамытуға назар аударылады
Қазақстанда 7 кеме құрастырылады. Бұл туралы Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тілепов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Біз 7 кеме құрастыруды жоспарлап отырмыз. Олар – 2 паром, 2 контейнер таситын кеме, 3 танкер. Қазір ұлттық теңіз тасымалдаушысы «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясымен кемелерді жобалау бойынша серіктестермен техникалық мәселелерді пысықтап жатырмыз, - деді Қасым Тілепов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанның сауда флотында 17 кеме бар: 10 танкер, 4 жүк таситын кемек, контейнер тасымалдауға арналған 3 кеме.