×

Үкімет Маңғыстаудың ірі энергия кешеніне 5 млрд бөлді

Тиісті құжатқа қол қойылды

 Қымбат Елтайқызы 17.08.2024 | 10:05
фото: Halyq Uni

Үкімет резервінен МАЭК қызметін қолдауға 5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Маңғыстау облысындағы «МАЭК» ЖШС қызметін қолдауға үкімет резервінен 5 млрд теңге бөлу туралы қаулыға қол қойды, деп мәлімдеді үкіметтің баспасөз қызметі.

Қаражат облыстық бюджет арқылы энергетика комбинатын субсидиялауға бағытталады. Бұл кәсіпорынға алдағы жылыту маусымына уақытылы дайындалуға және энергетикалық инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деп қосты ведомство.

2023 жылдан бастап кәсіпорынды кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жүргізіліп келеді. Үздіксіз өндірістік циклды қамтамасыз етуге әрі жабдықтың тоқтап қалу қаупін азайтуға бағытталған бірқатар негізгі жобаны іске асыру көзделген. Олар қазандық агрегаттарын, резервтік қорғау және автоматика жүйелерін, сондай-ақ электр энергиясын басқару мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін жаңғыртуды қамтиды.

МАЭК – Ақтау қаласын қоса алғанда, өңірдегі елді мекендер мен кәсіпорындарды электр және жылу энергиясымен, сондай-ақ ауыз су, ыстық әрі техникалық сумен қамтамасыз ететін Маңғыстау облысының ірі энергия кешені.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама