Halyq Uni логотип
×

Келер жылы инфляция төмендеп, экономика өсім көрсетеді – Үкімет

Тоқаев басшылармен кеңес өткізді

 Динара Амантай 15.08.2024 | 16:16
Келер жылы инфляция төмендеп, экономика өсім көрсетеді – Үкімет
Фото: akorda.kz

Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелерімен кеңес өткізіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақорданың мәліметіне сәйкес, жиынға премьер-министр Олжас Бектенов, Президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Ұлттық банк төрағасы, Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы, Үкімет мүшелері және басқа да шенеуніктер қатысты.

Президентке негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, республикалық бюджеттің биылғы 7 айдағы орындалуы және 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасындағы макроэкономикалық параметрлер жөнінде баяндалды. Үкімет келесі жылы экономика 5,6 пайыз деңгейінде өсім көрсетеді, ал инфляция 5,5-7,5 пайызға дейін төмендейді деп болжам жасап отыр, – делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекет басшысы Үкіметке макроэкономикалық көрсеткіштерді болжау және мемлекеттік бюджет сапасын арттыру, орталықтағы және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік шығындарды реттеудің нақты механизмін енгізу, сондай-ақ көлеңкелі экономикамен күрес шараларын күшейту туралы міндет жүктеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама