Аудит нәтижесінде біраз кемшілік анықталған
Мемлекеттік аудиттен кейін бірқатар ұлттық табиғи саябақта туристік маршруттар мен соқпақтар абаттандырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау шеңберінде Туризм және спорт министрлігі мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде (МҰТП) бірқатар туристік маршрут пен соқпақтарды абаттандыру бойынша жұмыс жүргізді. Бұл мәселе «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ға қазақстандық туризмді ілгерілету жөніндегі міндеттерді іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша анықталды, деп мәлімдеді Жоғары аудиторлық палата.
Нәтижесінде салалық министрлік ұлттық табиғи парктерде 139 туристік бағыт пен 49 соқпақты абаттандыру жұмысын жүргізді. Бұған автотұрақтарды, шатырлы лагерь алаңдарын, дәретханаларды, қоқыс жәшіктерін және белгілерді орнату кіреді, – деп қосты ведомство.
Сонымен қатар МҰТП жыл сайын абаттандыру объектілерін жақсарту және жаңарту бойынша шаралар қабылдап жатыр. Атап айтқанда, туристерге арналған көру алаңдары, бивак аялдамалары және шатырлы лагерьлер ашылуда. Билбордтар, ақпараттық стендтер, соқпақтар мен маршруттардың сызбалары орнатылуда. Орындықтар, қоқыс жәшіктері және санитарлық-гигиеналық тораптар жаңартылып жатыр.
Мәселен, 2023 жылы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп Қатонқарағай МҰТП «Орман жолдары», «Көлсай көлдері» МҰТП «Саты ауылы – Саты шатқалы» және Сайрам-Өгем МҰТП «Сайрамсу көлі» сияқты үш турмаршруты жабдықталды. Бұдан басқа, демеушілік қаражат есебінен Іле-Алатау МҰТП «Көкжайлау» турмаршруты жабдықталып, «Көлсай көлдері» МҰТП жаяу және атпен жүру маршруттарын бөлу жұмысы жүргізілді. 2024 жылы да тиісті жұмыс жалғасып жатыр.
Бұған дейін елімізде ұлттық парктерге кіру ақысы көтерілетіні жайлы жазған едік. Баянауыл ұлттық паркінде өртті ерте анықтау жүйесі жоқ – Олжас Бектенов.