×

Бектенов дәрі-дәрмек өндірісін ұлғайтуды тапсырды

Ол қазіргі мөлшер жеткіліксіз дейді

 Қымбат Елтайқызы 13.08.2024 | 15:09
фото: Halyq Uni

Олжас Бектенов қазақстандық фармацевтикалық өнім өндірісінің көлемін ұлғайтуды тапсырды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Премьер-министр үкімет отырысы барысында фармацевтика саласын дамыту және қазақстандық өндірушілерді қолдау бойынша бірқатар міндетті белгіледі, деп мәлімдеді үкіметтің баспасөз қызметі.

Отандық фармацевтикалық өнім өндіру көлемі 95 млрд теңгеге жетеді. Ең көп таралған ауруларды емдеуге арналған 283 препарат кіретін негізгі дәрілік заттар тізбесіндегі 107 дәрі-дәрмек Қазақстан аумағында өндіріледі, – деп қосты ведомство.

Бүгінгі таңда 35 отандық өндірушімен фармацевтикалық өнімнің 4 мың түрін жеткізуге 94 ұзақмерзімді шарт жасалды. 700 позиция жеткізілуде. Алдағы 3 жылда келісілген көлемге кезең-кезеңімен шығу жоспарланған, деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Үкімет басшысы еліміздің дәрілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін фармацевтика саласын тұрақты әрі сапалы дамытудың маңызын атап өтті.

Осы жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің фармацевтика өндірісі 14,5%-ға ұлғайды. Алайда, саладағы әлеует бұдан әлдеқайда жоғары. Денсаулық сақтау министрлігіне осы көрсеткішті жыл соңына қарай одан әрі ұлғайтып, шығарылатын препараттардың көлемі мен тізбесін кеңейту жұмысын жүргізуді тапсырамын, – деді Бектенов.

Сондай-ақ премьер медициналық ұйымдарды электрондық форматқа көшіру арқылы фармацевтика өнімін сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама