Түркия Қазақстаннан бидай мен жасымық сатып алады
Шетелдік компания мен келіссөздер жүргізілді
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бастаған қазақстандық делегация Түркияға барып, АӨК саласында жұмыс істейтін ірі түрік компанияларымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Түріктерге тиесілі Armada Gıda компаниясы осы уақытқа дейін Қостанайдан жасымық сатып алып келген. Екіарадағы сауда байланысын нығайту және ұлғайту үшін жасымықтың экспорттық партиялары бір жерге шоғырландырылып, Түркияға жіберіліп отырады. Бұл қазақстандық фермерлердің халықаралық нарықтарға шығуын қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, Tiryaki Holding компаниясымен 250 мың тонна бидай жеткізу туралы меморандумға қол қойылды: компания Астанада астықты терең өңдеу жобасын іске асырып жатыр.
Сондай-ақ, Рустам Жанатаев Түрік астық басқармасының бас директоры Ахмет Гулдалмен кездесу өткізді. Онда Түркияға қазақстандық астықты жеткізу көлемін ұлғайту және Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге инвестициялар тарту мүмкіндігі мәселелері талқыланды. TMO – астық нарығын реттейтін Түркияның негізгі мемлекеттік агенттігі. Және екеуара ынтымақтастық қазақстан өнімін экспорттау үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Түрік елінің астық басқармасы ішкі нарықтағы бағалардың тұрақтылығын сақтау және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жыл сайын орташа есеппен 10 миллион тонна дәнді дақыл, оның ішінде бидай сатып алады.