×

Шетелдегі қазақстандық мамандар айына 5 мың доллар табыс табатыны айтылды

Әр мемлекетте білікті кадр бағаналады

 Дәурен Ерболат 12.08.2024 | 16:28
Фото: ОКҚ

Қатарда мұнай саласында жұмыс істейтін қазақстандықтар айына 5 мың доллар (2,4 млн теңге) табыс тауып жүр. Бұл туралы «Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағының» төрағасы Алмас Құдайберген айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Басшы білікті мамандарды жұмыссыз қалдырмау керек деген ұстанымда.

2022-2024 жылдар аралығында Теңіз мұнай-газ кен орнында 80 мыңнан аса адам жұмыс орнын босатты. Біз, компания басшылары мен бизнесмендер «Не істеу керек?» деп ойлана бастадық. Біз үшін әрбір қызметкер маңызды. Өйткені оқытылған қызметкерлерді жоғалтқымыз келмейді. Жалпы отбасымен есептесек, бұл – 200 мыңнан аса адам, - деді төраға ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Алмас Құдайберген отандық мамандардың әлеуетін тиімді пайдалану керегін, бұл мемлекетке пайдасын тигізетінін жеткізді.

«2023 жылдың соңында Доха қаласында (Қатар) алғашқы ірі бизнес-форумды ұйымдастырдық. Қазақстандық мамандар мен компаниялардың экспорты елімізге үлкен пайда әкеледі… Шетелде орташа жалақысы 200 мың доллар болатын мұнай сервисіндегі 1 мың қызметкерді алайық. Жыл сайын олар елімізге 250 млн долларға дейін пайда әкеледі», - деді ол.

Төраға білікті кадр әрбір мемлекет үшін құнды деген пікірде.

Мысалы, Қатарда 1 мыңнан аса қазақстандық маман жұмыс істейді. Олардың жалақысы – 5 мың доллар (2 млн 399 мың 679 теңге, 1 доллар – 479,94 теңге). TotalEnergies Qatar деген компания бар. Оны қазақ басқарады. Ол осы компанияда 17 жыл жұмыс істеп, Қатардағы барлық операцияны басқарып отып. Осы мемлекеттегі негізгі техникалық позицияда жерлестеріміз жұмыс істейді, - деді Алмас Құдайберген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама