НЗМ 6 млрд теңге тиімсіз жұмсаған
Назарбаев Зияткерлік мектептері 3 жылда 16,4 млрд теңгені игере алмағаны анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жоғары аудиторлық палата 2019-2023 жылдардағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында бюджет қаражатының қаншалықты тиімді жұмсалғанын анықтау үшін мемлекеттік аудит жүргізген.
Жалпы есепті кезеңде НЗМ-ға бюджеттен 250 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде 22 млрд теңгеден аса қаржы тәжірибемен бөлісу іс-шараларына қарастырылған. Алайда бүгінде мемлекеттік жоспарлау жүйесінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің рөлі нақты айқындалмаған. Мысалы, бағдарламаларда, ұлттық жобалар мен тұжырымдамаларда тәжірибемен алмасуға қатысты нақты міндеттер, функциялар мен көрсеткіштер белгіленбеген.
Мемлекеттік аудит барысында 2019-2023 жылдары НЗМ 8 млрд теңгенің іс-шарасын орындамағаны анықталды.
Сондай-ақ 3 жыл ішінде Назарбаев Зияткерлік мектептері 16,4 млрд теңгені игермеген, ал банк шоттарында жыл сайын 27 млрд доллардан 55 млрд теңгеге дейін қаржы қалдықтары жинақталғаны белгілі болды.
Жалпы мемлекеттік аудит барысында:
Тексеріс қорытындысы бойынша 1 материал құқық қорғау органдарына, тағы 10 факті бойынша материал әкімшілік істі қозғау үшін уәкілетті органдарға жіберілді.