Қазақстандағы бензин 0,49 доллар тұрады
Биылғы бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 2,6 мың тонна қозғалтқыш отыны (бензин, авиациялық отынды қоса алғанда) өндірілген. Бұл – 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 1%-ға аз, деп хабарлайды Haluq Uni Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Өңірлер арасында ең көп бензин Шымкентте өндірілді: 919,5 тонна, бір жылда 4,6% төмендеген. Үздік үштікке Павлодар (818,5 тонна) және Атырау облыстары (792,1 тонна) енді.
Авиациялық отын небәрі 5,1 тонна өндірілсе, қозғалтқыш бензинінің өндірісі 2,6 мың тоннаға жеткен. Оның ішінде АИ-92 бензині 2,1 мың тоннаны, АИ-95 442,4 тоннаны, АИ-98 14,9 тоннаны қамтыды.
Биыл маусым айының соңындағы мәлімет бойынша, бензин бағасы бір жыл бұрынғыдан 2 пайыз қымбаттаған. Маусым айында АИ-92 маркалы бензинінің бір литрі 202 теңге, АИ-95/96 253 теңге, АИ-98 292 теңге болды.
Өңірлер бойынша бензин бағасы Алматы қаласында көбірек (жылына – 4,1%) қымбаттаған. Одан кейін Батыс Қазақстан (жылына плюс 3,5%), Атырау (плюс 3,2%) және Қарағанды (плюс 3,2%) облыстары келеді. Ең аз жылдық баға өсімі Жамбыл облысында тіркелді: 0,2%. Еліміздегі 20 өңірдің екеуінде баға төмендеді: Қызылорда облысында – 0,1%, Шымкентте – 0,3%.
1 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстандағы бензин 0,49 доллар тұрады. Бұл – ТМД елдері арасындағы ең төменгі көрсеткіш. Салыстыру үшін айтсақ: Ресей мен Әзербайжанда бензиннің құны 0,62 долларды, Беларусьте 0,74 долларды, Өзбекстанда 1,01 долларды, Арменияда 1,37 долларды қамтыды.
Әлемдегі ең арзан бензин Ливанда: бар болғаны 0,03 доллар. Одан кейін Мысыр (0,26 доллар) мен Алжир (0,33 доллар) келеді. Ең қымбат бензин Гонконгта (3,11 доллар), Сингапурда (2,14 доллар) және Швейцарияда (2,11 доллар) сатылады.