×

Еліміз бірқатар мемлекетке жүк тасымалын жиілетпек

Көрші елдермен бірлесіп, қандай жұмыс атқарылып жатқаны айтылды

 Қымбат Елтайқызы 11.08.2024 | 16:00
фото: Halyq Uni

Қазақстан мен Түрікменстан Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің шығыс бағытын дамытуға мүдделі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Үкіметтің мәліметінше, Қазақстанның вице-премьері Серік Жұманғарин мен Түрікменстан Министрлер кабинеті жанындағы Көлік және коммуникациялар агенттігінің бас директоры Мамметхан Чакыев екіжақты кездесу барысында көлік саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқылады.

Тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арқылы өтетін Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің шығыс бағытын дамыту, Пәкістанға одан әрі Үндістанға баратын жүк тасымалын қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр, – деп қосты ведомство.

2024 жылғы шілдеде Қазақстан, Ресей, Иран және Түрікменстан арасында Солтүстік-Оңтүстік дәлізін бірлесіп дамытуға бағытталған жол картасына қол қойылып, Транс-Ауған темір жолының батыс тармағын пайдалану туралы шешім келісілді. Сондай-ақ Қазақстан Түрікменстан мен Ауғанстанмен бірлесе отырып, Ауғанстан темір жолының «Тургунди – Герат – Кандагар – Спин-Булдак» учаскелерін салуға қатысуға, сондай-ақ теміржол жолының жоғарғы құрылыс материалдарын, шпалдарды, рельстер мен қазақстандық өндірістегі бекіткіштерді тасымалдауды қамтамасыз етуге дайын екенін білдірді.

Кездесуде тараптар Тургунди – Герат теміржолы құрылысындағы мәселелерді, сондай-ақ Тургунди арқылы Қытай бағытында жүк тасымалдауды жандандыру мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар Қытай – Қазақстан – Түрікменстан – Иран бағытындағы барлық бірлескен дәліздер мен Солтүстік-Оңтүстік бағыты бойынша бәсекеге қабілетті тарифтік жағдайлар жасау бойынша өзара ортақ жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Мұнда РФ, Түрікменстан және Қазақстан шығыс тармағындағы жүк тасымалын үздіксіз қамтамасыз ету үшін бірыңғай логистикалық оператор құру туралы уағдаласты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама