Halyq Uni логотип
×

Қарағандыда 12 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Жер учаскелерінің саны – 15

 Қымбат Елтайқызы 10.08.2024 | 09:35
Қарағандыда 12 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
коллаж: Halyq Uni

Қарағанды облысында 12 мыңнан астам гектар пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жер ресурстарын басқару комитетінің облыстық департаменттері мемлекет басшысының пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді қайтару туралы тапсырмасын орындау шеңберінде жерді ерікті және мәжбүрлі түрде алып қою бойынша тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр, деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Қарағанды облысының Жер ресурстарын басқару департаменті «Қ» ЖШС-ке қатысты жүргізген тексеруі барысында Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданында орналасқан жалпы ауданы 12 049,0 га болатын 15 жер учаскесінің ұзақ уақыт пайдаланылмай жатқанын анықтады, – деп қосты ведомство.

Жер кодексінің 92 бабына сәйкес, департамент ЖШС-ке бір жыл мерзімінде заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді. Аталған нұсқаманың орындалмауына байланысты Кодекстің 94-бабына сай, департамент жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап арыз берді. Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 3 шілдедегі шешімімен департаменттің талап арызы қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама