Жапония Қазақстан экономикасына 200 млн доллар инвестиция құяды
Премьер министр жапондық банк төрағасымен кездесті
Жапония Қазақстан экономикасын 200 млн доллар инвестиция құяды. Бұл туралы Олжас Бектенов пен жапондық JBIC банкінің төрағасы Хаящи Нобумицумен кездесу барысында айтылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ресми мәліметке сүйнесек, Жапония – Қазақстанның Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі әрі бүгінде үздік 10 ірі инвесторлар қатарына кіреді. Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы өткен жылы 10,5%-ға өсіп, 2,1 млрд долларға жетті. Биылғы қаңтар-мамырда өзара сауда көрсеткіші 768 млн доллар болды. 1993 жылдан бері Жапонияның Қазақстан экономикасына капитал салымдарының жинақталған көлемі шамамен 8 млрд долларға жетті.
JBIC Жапония халықаралық ынтымақтастық банкі Қазақстанда энергиямен және сумен жабдықтау, тау-кен өнеркәсібі, сондай-ақ көлік-логистика салаларында құны 2,3 млрд доллар болатын 26 жобаны қаржыландырды. Қазақстанның Даму банкімен бірлесіп, энергетика, көлік саласы, машина жасау, азық-түлік өнеркәсібі және басқа да басым салалардағы бірлескен жобаларды 200 млн долларға қаржыландыру ниеті бойынша келісімге қол қою жоспарланып отыр, – делінген үкімет хабарламасында.
Премьер-министр Қазақстан Үкіметі ынтымақтастық көкжиегін кеңейту ниетінін құптайтынын айтты.
Жапонияның оңтүстігінде орын алған жер сілкінісіне байланысты хабарды өкінішпен қабылдадым. Ең бастысы, адамдар аман болып, табиғи апат ауқымды шығындарға алып келмейді деп үміттенемін. Жапония – біздің негізгі сауда-экономикалық әрі инвестициялық серіктесіміз. Бүгінде қазақ-жапон қатынасы кеңейтілген стратегиялық әріптестік рухында дамып келеді.», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Өз кезегінде JBIC төрағасы Хаящи Нобумицу ESG (Environment, Sustainability, Governance) шеңберінде «жасыл» қаржы және транзиттік қаржыландыру саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық перспективалы бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге ниет білдірді.