Биыл елорданың құрылыс нысандарына 134 млн теңге айыппұл салынды
Қазір барлығы 1 236 нысан бой көтеріп жатыр
Биыл Астананың құрылыс нысандарына 134 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қала аумағында сәулет-құрылыс бақылауын, сондай-ақ еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі әрі еңбекті қорғау саласындағы бақылауды талап ететін инфрақұрылым белсенді дамып келеді. Техникалық жағынан күрделі бірегей тұрғын және әлеуметтік-тұрмыстық объектілер: сауда-ойын-сауық орталықтары, мешіттер, қонақ үй-мейрамхана кешендері, мәдени мұра мен басқа да нысандар бой көтеріп жатыр.
Бүгінгі таңда елордада 1 236 нысан салынып жатыр. Биыл сәулет-құрылыс бақылау қорытындысы бойынша, жеке және заңды тұлғаларға қатысты жоспардан тыс 266 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 134 млн теңге сомасына 434 айыппұл салынды. Бақылау субъектілері орындауға міндетті заңбұзушылықтарды жою туралы 177 нұсқама берді. Бұдан басқа, заңсыз құрылыс фактілерін болдырмау мақсатында басқарма нұсқамалардың талаптарын орындау және объектідегі заңбұзушылықтар жойылғанға дейін құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру туралы талап қою арыздарын беру практикасы жолға қойылды, деп мәлімдеді қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы.
Астананың Әділет департаментінің сот орындаушыларымен бірлесіп сот актілерін мәжбүрлі орындау жұмысы үйлестірілді.