Биылдың өзінде миллиондаған заңсыз қаржы анықталды
Ең көп экономикалық контрабанда қылмыстары әуе көлігімен келетін барлық тауарға кедендік рәсімдеу жүзеге асырылатын Астана халықаралық әуежайының аумағында анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
2024 жылдың өткен кезеңінде Қылмыстық кодекстің 234-бабы 1-бөлігі бойынша 4 қылмыстық іс аяқталған. Онда жалпы 214 млн теңге сомасында контрабанда заттары тәркіленді, деп мәлімдеді елорданың экономикалық тергеп-тексеру департаменті.
Көрсетілген құқық бұзушылықтар «Қазақстандағы кедендік реттеу туралы» талаптарға сәйкес, олардың сомасы 10 еселенген сомадан аспайтын шетел валютасындағы декларацияланбаған ақшалай қаражатты тасымалдау жолымен жасалған. Кеден органына жолаушы кедендік декларациясын тапсырған күнгі қолданыстағы айырбастау бағамы бойынша мың АҚШ долларын құрайды. Бұл айналыстан шығарылған немесе айналысы шектелген заттардың контарабандасы болып саналады, – деп қосты ведомство.
Департамент Қылмыстық кодекстің 286-бабы бойынша есірткі контарабандасына қатысты 8 фактіні анықтап, оның бесеуін аяқтаған. Оның ішінде 4 ерекше ауыр санатқа, біреуі ауыр санатқа жатады.
Мамандар мысал ретінде мемлекеттік шекара арқылы аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз өткізу фактісі бойынша көп эпизодтты қылмыстық істі атап өтті. Сарапшылардың корытындысы бойынша, барлық сәлемдемеде гашиш майының жалпы массасы 3 507,22 г құрады. Ол өте үлкен өлшем болып есептеледі. Күдіктілер Д.В.Черныш, Г.В.Вараксина, Р.С.Вессель, А.М.Асқаровақа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.
Қазіргі уақытта есірткі контрабандасы фактілері бойынша 3 ауыр санаттағы қылмыстық іс қаралып жатыр. Оның ішінде екеуін аяқтау жоспарланған, ұсталғандарға қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.