Саладағы жалпы өнім 1,6 трлн теңгеге жетті
Осы жылдың бірінші жартыжылдығында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өсімі 1,6 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл көрсеткіше жету мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығындағы өсімнің нәтижесінде мүмкін болған. Оның ішінде ет өндірісі 4,1%-ға, сүт өндірісі 4,8%-ға және тауық жұмыртқасы 0,3%-ға артқан.
Сондай-ақ, алты айда ірімшік пен сүзбе өндірісі 16,8%-ға, өңделген күріш 11%-ға, өсімдік майы 9,3%-ға, ашытылған сүт өнімдері 5,6%-ға өсті.
Өсімдік шаруашылығында жалпы өнім көлемі 3%-ға артып, 72 млрд теңгеге жетті.
Айта кетсек, Түркістан, Қостанай және тағы бес өңірде ауыл шаруашылығы саласында өсу қарқыны жоғары нәтиже көрсетті.