Halyq Uni логотип
×

2021 жылы лицензиялардың басым бөлігі қандай салаларға берілген?

Бұл елімізде кәсіпкерлік дамып жатқанын көрсетеді

 Дәурен Ерболат 08.06.2022 | 14:06
2021 жылы лицензиялардың басым бөлігі қандай салаларға берілген?
Фото: tenderplus.kz

Былтыр берілген лицензиялар саны 36,9 мыңға жетті. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 14,8 мың бірлікке көп, деп хабарлайды Экономикалық зерттеулер институты.

Жалпы 2017 жылдан 2021 жылға дейін мемлекеттік органдар шамамен 137 мың лицензия берген.

Соңғы 5 жылда лицензия беру 1,5 есе өскен. Бұл Қазақстанда кәсіпкерлік пен бәсекелестіктің дамып жатқанын көрсетеді.

2021 жылы лицензия көбінесе білім беру және алкоголь өнімдерін сатуға берілген:

  • білім беру қызметімен айналысу (6858 бірлік),
  • алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату (6733 бірлік),
  • құрылыс-монтаж жұмыстары (5829 бірлік),
  • тауарлардың жекелеген түрлерінің импорты және (немесе) экспорты (3168 бірлік),
  • заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруы (2567 бірлік),
  • медициналық қызмет (2380 бірлік).

Соңғы 5 жылда лицензия төмендегі салаларға берілген:

  • білім беру қызметімен айналысуға – 8,4 есе (2017 жылғы 818 бірліктен 2021 жылы 6 858 бірлікке дейін),
  • заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруына — 6,2 есе (2017 жылғы 412 бірліктен 2021 жылы 2 567 бірлікке дейін).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама