Доллар бағамы 475 теңгеге тең болды
Ал еуро 514,55 теңгеге тең
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың ұлттық валютаға шаққандағы бағамы 475,16 теңгеге тең болды, деп хабарлайды Halyq Uni.
30 шілдеде рубль 5,49 теңгеге тең, қытай юані 65,29 теңге болып тұр. Ал еуро бағамы 514,55 теңгеге тең.
Айта кетейік, 9 шілдедегі сауда-саттық нәтижесінде доллар бағамы 3,86 теңгеге қымбаттап, бір доллардың орташа бағамы 480,69 теңгеге тең болды. Соған байланысты Қаржыгерлер қауымдастығы пікір білдіріп, теңгенің одан әрі әлсіреуіне негіз жоқ екенін мәлімдеді. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы қаржы нарығы сарапшылары арасында жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, биыл тамыздың басына қарай доллардың ұлттық валютаға бағамы 473,5 теңге (қазір 481,6 теңге), ал бір жылдан кейін – 481,8 теңгеге дейін өсуі мүмкін.