Halyq Uni логотип
×

Қазақстан экономикасына берілген несие 30,1 трлн теңгеге жетті

2024 жылдың маусымында бизнеске 1,4 трлн теңге жаңа қарыз берілді

 Халық үні 29.07.2024 | 15:55
Қазақстан экономикасына берілген несие 30,1 трлн теңгеге жетті
Фото: Halyq Uni

Елімізде 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның он біріне шетелдің қатысы бар, 8 банк еншілес ұйым саналады. Мұндай ақпаратты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Агенттік ақпаратына сәйкес, банк секторы активтері 55,3 трлн теңгені құрады. Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 16,3 трлн теңгеге жетті, бұл банктерге міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

2024 жылдың маусымында екінші деңгейдегі банктер экономикаға берген кредиттер 2,0%-ға 30,1 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан бері 7,7%-ға өсті), оның ішінде ұлттық валютада 1,5%-ға 27,6 трлн теңгеге дейін өсті. Шетел валютасында 7,4%-ға 2,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 91,6 %-ды құрады. Бұл – 2024 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай, – деп хабарлады агенттік.

Бизнес субъектілеріне берілетін кредиттер 2024 жылдың маусымында 2,0%-ға 11,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Заңды тұлғаларға берілетін кредиттер 1,6%-ға 9,8 трлн теңгеге дейін өсті. Оның ішінде шағын және орта бизнес субъектілеріне қарыз 5,8%-ға 5,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Ірі бизнеске қарыз 4,0%-ға 3,9 трлн теңгеге дейін азайды.

Жеке кәсіпкерлерге берілетін кредиттер бір айда 3,8%-ға 1,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды, 2024 жылдың басынан бері 23,1%-ға өскен.

2024 жылдың маусымында бизнес субъектілеріне 1,4 трлн теңге сомаға жаңа қарыз берілді. Бұл 2023 жылғы маусыммен салыстырғанда 11,1%-ға артық.

Халыққа берілген кредиттер 2024 жылғы маусымда 2,0%-ға ұлғайып, 18,3 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың басынан бері 9,9%-ға өскен. Халыққа берілген кредиттердің өсуі тұтынушылық қарыздардың 2,8%-ға 11,6 трлн теңгеге дейін ұлғаюына, сондай-ақ ипотекалық кредиттеудің 0,7%-ға 5,5 трлн теңгеге дейін өсуіне байланысты болып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама