×

Қазақстан-АҚШ тікелей рейсі: Boeing компаниясымен келіссөз қалай өтті

Әлемде әр 2 минут сайын Boeing ұшағы көкке көтеріледі екен

 Қымбат Елтайқызы 28.07.2024 | 16:10
фото: Reuters

Қазақстандық делегация АҚШ-тың Сиэтл қаласында Boeing компаниясымен кездесті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бастаған қазақстандық делегация Сиэтлде Boeing компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Сапар барысында делегация Boeing ұшақтарын құрастырудың өндіріс процесімен танысты, деп мәлімдеді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Кездесуде қазақстандық авиакомпанияларға ұшақтар жеткізу мәселелері талқыланып, Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс үшін алғашқы Dreamliner ұшағын жеткізу 2025 жылдың соңына жоспарланғаны расталды. Бұл оқиға Қазақстанның әуе паркін нығайтуға әрі елдегі әуе тасымалының деңгейін арттыруға бағытталған, – деп толықтырды ведомство.

Сонымен қатар, Boeing делегацияны компанияда жүргізіліп жатқан цифрлық трансформация процесімен таныстырды.

Boeing компаниясы азаматтық, әскери және ғарыштық ұшу аппараттарын шығаратын әлемдегі жетекші аэроғарыштық технологиялар өндірушісі болып саналады. Boeing-тің өндірістік қуаттары әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан әрі компания инновациялық шешімдерімен және жоғары сапа стандарттарымен танымал. 2023 жылы Boeing шамамен 80 миллиард доллар табыс тапқан. Әлемде әр 2 минут сайын Boeing ұшағы көкке көтеріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама