Елімізде күріш пен бидай алқабы қысқарды
Суды көп қажет ететін дақыл қатарында мақта да бар
Биыл елімізде бидай алқабы 450,3 мың гектарға қысқарды, ал майлы дақылдар 608 мыңға және қант қызылшасы алқабы 9,4 мың гектарға ұлғайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қазір елдегі егіс алқабы алаңы 23,8 млн гектарды құрап отыр. Биыл суды көп қажет ететін дақылдар ішінде күріш алқабы 6,9 мың гектарға, мақта 16 мың гектарға қысқарды.
Алғаш рет көктемгі егіс жұмыстарына жеңілдетілген кредит көлемі жылдық «таза» 5%-бен 580 млрд теңгеге дейін жеткізілді. Өткен жылдары бұл көлем 180 млрд теңгеден аспаған, - дейді Сапаров.
Айтуынша, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияны тарту бойынша жұмысты тек 5 өңір белсенді жүргізіп жатыр:
- Солтүстік Қазақстан облысы (20 млрд. теңге);
- Қостанай облысы (20 млрд теңге),
- Павлодар облысы (10 млрд теңге);
- Шығыс Қазақстан облысы (10 млрд теңге),
- Қызылорда облысы (5 млрд теңге).
Бұл бағытқа 65 млрд теңге көзделген.