×

Тоқаев Ұлттық банк төрағасына инфляцияны ұстап тұруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді

Кеше ғана Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты мәлімдеме жасаған еді

 Қымбат Елтайқызы 07.06.2022 | 18:15
коллаж: Halyq Uni

Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет басшысына Ұлттық банктің 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында жүзеге асырылған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуал, инфляцияға қатысты болжам және оның қарқыны, сондай-ақ алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы мәлімет берілді», – делінген ақпаратта.

Ғалымжан Пірматов Президентке мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы мен ұлттық төлем жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстарын айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға, инфляцияны ұстап тұруға және қор нарығының тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

Бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімді түсіндірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама