Бұл 1,1 млн жеке тұлғаны қамтиды
Қаржы министрлігі жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңінің аралық қорытындысы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) болып саналатын барлық жеке тұлға активтер мен міндеттемелер жайлы декларациясын (250.00-ші нысан) ұсына бастады, деп мәлімдеді ведомство.
Декларация оны табыстау жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша, Қазақстан және (немесе) оның шегінен тыс жерлердегі активтер мен міндемелерінің бар-жоқтығын көрсетуге арналған. Бұл ретте, бейрезиденттер, коммерциялық емес ұйымдарың құрылтайшылары (қатысушалыры) және акционерлері декларацияны ұсынудан босатылды, – деп толықтырды министрлік.
2024 жылы декларацияны 2,4 млн жеке тұлға табыстауы қажет. Биылғы жылдың басынан бастап 1,1 млн жеке тұлға немесе декларанттардың жалпы санының 46% декларация тапсырды.
«Оның ішінде декларацияның 99,9%-ы электронды түрде, атап айтқанда салық төлеуші кабинеті (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкімет» порталы (egov.kz), е-Salyq Azamat, eGov mobile, Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz мобильді қосымшалары арқылы табысталған», – деді мемлекеттік орган.
Декларацияларды ұсыну бойынша жоғары белсенділікті Ұлытау облысы мен Түркістан облысының тұрғындары көрсетіп отыр.
Заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) үшін декларацияны тапсырудың соңғы мерзімі – 15 қырқүйек. Салықтық міндеттемені уақытылы орындамау мәселесі туындамас үшін декларацияны алдын ала табыстау қажет. Декларация тұрғылықты тіркелген жер бойынша ұсынылады.
Биткоин, авторлық құқық пен 3,5 млн теңгеден астам қаржы: Декларация тапсыратын бизнесмендер нені білуге тиіс?