Halyq Uni логотип
×

Биыл есеп беруге тиіс азаматтардың жартысына жуығы декларация тапсырды

Бұл 1,1 млн жеке тұлғаны қамтиды

 Қымбат Елтайқызы 16.07.2024 | 18:15
Биыл есеп беруге тиіс азаматтардың жартысына жуығы декларация тапсырды
фото: Halyq Uni

Қаржы министрлігі жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңінің аралық қорытындысы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) болып саналатын барлық жеке тұлға активтер мен міндеттемелер жайлы декларациясын (250.00-ші нысан) ұсына бастады, деп мәлімдеді ведомство.

Декларация оны табыстау жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша, Қазақстан және (немесе) оның шегінен тыс жерлердегі активтер мен міндемелерінің бар-жоқтығын көрсетуге арналған. Бұл ретте, бейрезиденттер, коммерциялық емес ұйымдарың құрылтайшылары (қатысушалыры) және акционерлері декларацияны ұсынудан босатылды, – деп толықтырды министрлік.

2024 жылы декларацияны 2,4 млн жеке тұлға табыстауы қажет. Биылғы жылдың басынан бастап 1,1 млн жеке тұлға немесе декларанттардың жалпы санының 46% декларация тапсырды.

«Оның ішінде декларацияның 99,9%-ы электронды түрде, атап айтқанда салық төлеуші кабинеті (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкімет» порталы (egov.kz), е-Salyq Azamat, eGov mobile, Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz мобильді қосымшалары арқылы табысталған», – деді мемлекеттік орган.

Декларацияларды ұсыну бойынша жоғары белсенділікті Ұлытау облысы мен Түркістан облысының тұрғындары көрсетіп отыр.

Заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) үшін декларацияны тапсырудың соңғы мерзімі – 15 қырқүйек. Салықтық міндеттемені уақытылы орындамау мәселесі туындамас үшін декларацияны алдын ала табыстау қажет. Декларация тұрғылықты тіркелген жер бойынша ұсынылады.

Биткоин, авторлық құқық пен 3,5 млн теңгеден астам қаржы: Декларация тапсыратын бизнесмендер нені білуге тиіс?

Серіктес жаңалықтары

Сараптама