Halyq Uni логотип
×

Цифрлық даму министрлігі 5 жылда 5 млн адамды жасанды интеллект дағдыларына оқытпақ

Министр Жаслан Мәдиев ЖИ-ді дамыту тұжырымдамасын ұсынды 

 

 Ербол Тұрымбет 16.07.2024 | 11:44
Цифрлық даму министрлігі 5 жылда 5 млн адамды жасанды интеллект дағдыларына оқытпақ
коллаж: Halyq Uni

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2029 жылға дейін елімізде 5 млн адамды жасанды интеллект дағдыларына оқытуды көздеп отыр. Бұл мақсат министрлік ұсынған ЖИ-ді дамыту тұжырымдамасында қарастырылған, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Әзірленіп жатқан тұжырымдаманың мақсаты – жасанды интеллектті қолдана отырып, ЖИ экожүйесін құру, қолайлы климатты қалыптастыру және экономика салаларын одан әрі дамыту. 

Ол үшін Қазақстанда суперкомпьютерді орналастыру, деректерді өңдеу орталықтарын салу, ұлттық жасанды интеллект платформасын құру және талшықты-оптикалық байланыс желілері жүйелерін дамыту көзделеді. «Нұр-Әлем» музейінің инфрақұрылым базасында мемлекет, ғылым, бизнес және халықаралық серіктестер арасындағы ынтымақтастық үшін Alem.AI ұлттық орталығын ашу жоспарланып отыр, – деді министр Жаслан Мәдиев.  

Оның сөзінше, алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтармен, соның ішінде Берклидегі Калифорния университетімен халықаралық ынтымақтастық белсенді дамып келеді.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2029 жылға дейін мынадай мақсаттарды белгілеп қойған:

  • 5 млн адамды ЖИ дағдыларына оқыту; 
  • 500 мың салалық маман даярлау; 
  • 5 қазақстандық салалық ірі компания құру; 
  •  IT-экспортты 5 млрд долларға дейін ұлғайту; 
  • Экономика секторларында жыл сайын кемінде 25 жасанды интеллект өнімін енгізу.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама