Қор биржасында доллар 472,62 теңге болды
Сауда-саттық қорытындысында доллар 2,04 теңгеге арзандады
Қор биржасында 15 шілдеде доллар бағамы 472,62 теңгеге тең болды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 2,04 теңгеге арзандады.
15 шілдеде рубль 5,39 теңгеге тең, қытай юані 65,09 теңге болып тұр.
12 шілдеде Ұлттық банкі базалық мөлшерлеменің төмендегенін мәлімдеді. Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 14,25% дейін 25 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдаған.