Halyq Uni логотип
×

Ұлттық банк «Қазатомөнеркәсіп» акцияларын сатып алады

Операция валюта нарығының теңгерімділігіне елеулі әсер етуі мүмкін

 Динара Амантай 15.07.2024 | 09:51
Ұлттық банк «Қазатомөнеркәсіп» акцияларын сатып алады
Фото: kazatomprom.kz

Ұлттық банк «Қазатомөнеркәсіп»акцияларын сатып алу туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Банк баспасөз қызметінің мәліметінше, Үкімет республикалық бюджетті қаржыландыру мақсатында Ұлттық қорға жалпы көлемі 467,4 млрд теңгеге «Қазатомөнеркәсіп» АҚ акцияларын сатып алу туралы шешім қабылдаған. Осы шешімді іске асыру аясында Қор қаражатын басқарушы ретінде Ұлттық банкке Қордан шамамен 970 млн АҚШ доллары көлемінде шетел валютасын теңгеге айырбастады.

Операцияның жоспардан тыс сипатын ескере отырып, көрсетілген көлемді қысқа уақыт аралығында сату валюта нарығының теңгерімділігіне елеулі әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты Ұлттық банктің алтын-валюта резервтеріне Қор активтерін тікелей сату арқылы Ұлттық банк біржолғы конверсиялық операция жүргізбек.

Сонымен бiрге нарықтық бейтараптылықты сақтау мақсатында және осы операцияны валюта нарығына шығару аясында Ұлттық банк валюта нарығында осы көлемдi бiркелкi сатуды іске асыруды жоспарлап отыр. Осылайша, осы жылдың шілдесінен бастап Ұлттық банк 4 ай ішінде 970 млн АҚШ долларын сатуға кірісіп, айына 243 млн АҚШ доллары көлемінде айырбасталады, – делінген Банк хабарламасында.

Валюта нарығындағы сату көлемі Ұлттық Банктің статистикалық ақпаратының шығу кестесіне сәйкес жарияланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама