12 шілдеде базалық мөлшерлеме де 0,25 тармаққа төмендеді
Қор биржасында 12 шілдеде доллар бағамы 474,66 теңгеге тең болды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 0,43 теңгеге артты.
12 шілдеде еуро да +1,70 теңгеге қымбаттап, 516,53 теңгеге жетті.
Рубль 5,39 теңгеге тең, қытай юані 65,26 теңге болып тұр.
12 шілдеде Ұлттық банкі базалық мөлшерлеменің төмендегенін мәлімдеді. Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 14,25% дейін 25 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдаған.