Halyq Uni логотип
×

Доллар бағамы 474,66 теңге болды

12 шілдеде базалық мөлшерлеме де 0,25 тармаққа төмендеді

 Халық үні 12.07.2024 | 17:52
Доллар бағамы 474,66 теңге болды
Фото: Halyq Uni

Қор биржасында 12 шілдеде доллар бағамы 474,66 теңгеге тең болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 0,43 теңгеге артты.

12 шілдеде еуро да +1,70 теңгеге қымбаттап, 516,53 теңгеге жетті.

Рубль 5,39 теңгеге тең, қытай юані 65,26 теңге болып тұр.

12 шілдеде Ұлттық банкі базалық мөлшерлеменің төмендегенін мәлімдеді. Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 14,25% дейін 25 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама