Halyq Uni логотип
×

Инфляция маусымда 8,4%-ға дейін бәсеңдеді – Ұлттық банк

Оған азық-түлік арзандап, тариф реформасының баяулауы әсер еткен

 Ербол Тұрымбет 12.07.2024 | 15:51
Инфляция маусымда 8,4%-ға дейін бәсеңдеді – Ұлттық банк
Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Ұлттық банктің дерегінше, маусымның соңында жылдық мәнде баға өсімі 8,4%-ға дейін баяулаған. Ол азық-түліктің арзандауынан да, тарифтік реформаны жүзеге асыру қарқынының баяулауынан да болып отыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, инфляцияның қазіргі динамикасы ауыл шаруашылығындағы және тамақ өндірісіндегі бағаның төмендеу әсерінен қалыптасып келеді. Дегенмен, өндірушілердің бағаны түсіру үрдісі әлсірей бастаған. Инфляцияның барлық құрамдас бөлігінің баяулағаны байқалып отыр. Әсіресе, азық-түлік мамырдағы 5,5%-дан маусымда 5,4%-ке дейін түскен.

Азық-түлікке жатпайтын инфляция 7,6%-дан 7,4%-ға дейін, сервистік инфляция 13,9%-тен 13,8%-ке дейін тежелген, деді Тимур Сүлейменов.

Оның сөзінше, айлық инфляцияның динамикасын оң фактор ретінде өз алдына бөлек атап өтуге болады. Орташа тарихи мәні 0,5% болса, маусымда ол 0,4%-ды құраған. Ал алдағы бір жылда күтілетін инфляцияны бағалау көрсеткіші де төмендеген. Теңгенің номиналды айырбастау бағамының әлсіреуіне байланысты сәуірдегі жоғары мән 16,1%-дан маусымда 13,3%-ке дейін түскен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама