Halyq Uni логотип
×

Қор нарығында доллар 3,97 теңгеге арзандады

Бір доллар 474,23 теңгеге тең

 Халық үні 11.07.2024 | 18:02
Қор нарығында доллар 3,97 теңгеге арзандады
Фото: Halyq Uni

Қор биржасында 11 шілдеде доллар бағамы 3,97 теңгеге әлсіреді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 474,23 теңге болды.

11 шілдеде еуро да 2,51 теңгеге арзандап, 514,83 теңгені көрсетті.

Ал рубль 5,38 теңгеге тең, қытай юані 65,17 теңге болып тұр.

Айта кетейік, бұған дейін Қаржыгерлер қауымдастығы пікір білдіріп, теңгенің одан әрі әлсіреуіне негіз жоқ екенін мәлімдеді

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы қаржы нарығы сарапшылары арасында жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, биыл тамыздың басына қарай доллардың ұлттық валютаға бағамы 473,5 теңге (қазір 481,6 теңге), ал бір жылдан кейін – 481,8 теңгеге дейін өсуі мүмкін.

Ұлттық валютаның әлсіреуіне байланысты экономикадағы проинфляциялық қысым жоғарылап, базалық мөлшерлемені төмендету шілдеде де жалғасуы мүмкін.

Сауалнамаға қатысқандардың 71%-ы жылдық базалық мөлшерлемені 14,0-14,25%-ға дейін төмендейді (қазір 14,5%) деп есептейді, ал қалғаны (шамамен үштен бірі) қазіргі қалпында сақталады деп болжаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама