Halyq Uni логотип
×

Қор нарығында доллар арзандады

10 шілдеде еуро да 3,41 теңгеге арзандады

 Айгерім Таубай 10.07.2024 | 17:34
Қор нарығында доллар арзандады
Фото: Halyq Uni

Доллар бағамы 2,49 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 478, 20 теңгені құрады.

9 шілдеде доллар 3,86 теңгеге қымбаттап, 480,69 теңгеге тең болған еді.

10 шілдеде еуро да 3,41 теңгеге арзандап, 517,34 теңгені көрсетті.

Ал рубль 5,45 теңгеге тең, қытай юані 65,58 теңге болып тұр.

Айта кетейік, бұған дейін Қаржыгерлер қауымдастығы пікір білдіріп, теңгенің одан әрі әлсіреуіне негіз жоқ екенін мәлімдеді

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы қаржы нарығы сарапшылары арасында жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, биыл тамыздың басына қарай доллардың ұлттық валютаға бағамы 473,5 теңге (қазір 481,6 теңге), ал бір жылдан кейін – 481,8 теңгеге дейін өсуі мүмкін.

Ұлттық валютаның әлсіреуіне байланысты экономикадағы проинфляциялық қысым жоғарылап, базалық мөлшерлемені төмендету шілдеде де жалғасуы мүмкін.

Сауалнамаға қатысқандардың 71%-ы жылдық базалық мөлшерлемені 14,0-14,25%-ға дейін төмендейді (қазір 14,5%) деп есептейді, ал қалғаны (шамамен үштен бірі) қазіргі қалпында сақталады деп болжаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама