Halyq Uni логотип
×

Қаржыгерлер теңгенің одан әрі құнсыздануына еш себеп жоқ деп санайды

Нарықта доллар 479-481 теңге аралығында саудаланып жатыр

 Ербол Тұрымбет 10.07.2024 | 10:50
Қаржыгерлер теңгенің одан әрі құнсыздануына еш себеп жоқ деп санайды
Фото: Halyq Uni

9 шілдеде доллар бағамы 480 теңгеден асты. Соған байланысты Қаржыгерлер қауымдастығы пікір білдіріп, теңгенің одан әрі әлсіреуіне негіз жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы қаржы нарығы сарапшылары арасында жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, биыл тамыздың басына қарай доллардың ұлттық валютаға бағамы 473,5 теңге (қазір 481,6 теңге), ал бір жылдан кейін – 481,8 теңгеге дейін өсуі мүмкін.

Ұлттық валютаның әлсіреуіне байланысты экономикадағы проинфляциялық қысым жоғарылап, базалық мөлшерлемені төмендету шілдеде де жалғасуы мүмкін.

Сауалнамаға қатысқандардың 71%-ы жылдық базалық мөлшерлемені 14,0-14,25%-ға дейін төмендейді (қазір 14,5%) деп есептейді, ал қалғаны (шамамен үштен бірі) қазіргі қалпында сақталады деп болжаған.

Қауымдастық мәліметінше, шілдеде кейінгі 4 айда алғаш рет инфляциялық болжам 8,1%-ға (бұрын 7,9%) дейін өскен.

Айта кетейік, Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 9 шілдеде 3,86 теңгеге қымбаттап, орташа бағамы 480,69 теңгеге жеткен еді. Ал қазір нарықта АҚШ валютасы 479-481 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама