Доллар бағамы 480 теңгеге жетті
Доллар 3,86 теңгеге қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды Halyq Uni.
KASE ақпаратына сәйкес, 9 шілдедегі сауда-саттық нәтижесінде доллар бағамы 3,86 теңгеге қымбаттады.
Осылайша қазір бір доллардың орташа бағамы 480,69 теңгеге тең.
Еуро бағамы 520,75 теңгеге (+5,35) тең болса, рубль 5,46 теңгеге (+0,04), қытай юані 65,98 теңгеге (+0,37) жетті.