Жуырда Президент туризм саласын сынға алған болатын
Туризм индустриясы комитеті туристік нысандар санын арттыру үшін инвесторлар тарту жұмысын қарқынды жүргізіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Өткен жылы 117 жаңа нысан салынып, 57 млрд теңге жеке инвестиция құйылды. Биылдан бастап 430 млрд теңгеге 283 жоба жоспарланған, деп мәлімдеді комитет.
Сонымен қатар, инвестициялық жағдайды жақсарту үшін инфрақұрылымдық жобаларды және инвесторларға жеңілдетілген қаржыландыру көздерін ұлғайту қарастырылған, – деп толықтырды ведомство.
Бұл ретте, 2024 жылғы 13 маусымда Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен кеңесте туристік инфрақұрылымды дамыту үшін арнайы бюджеттік бағдарлама ашу және 3, 4, 5 жұлдызды қонақ үйлерді салу үшін мемлекеттік қолдау тетіктерін қарастыру тапсырылды.
«Қазақстанның туристік әлеуетін 30 жыл мақтағанымыз жетеді». Ғалым туризм неге құрдымға кеткенін айтты.