Доллар тағы қымбаттады
Астанада 1 доллар 478 теңгеге сатылып жатыр
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлады KASE.
Қор нарығындағы 5 шілдедегі сауда-саттық нәтижесінде 1 доллар бағамы 1,42 теңгеге қымбаттады.
- 1 доллардың орташа бағамы – 476,83 теңге.
- Ұлттық банктің 5 шілдедегі ресми бағамы — 1 долларға 475,39 теңге.
- Ресей рублінің орташа құны – 5,40 теңге.
Kurs.kz дерегінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 477,3 теңгеден сатылуда, ал сатып алу бағамы – 479,5 теңге.
Астана қаласы бойынша сату бағамы – 473 теңге, сатып алу құны – 478 теңге.
Ресей рублі 5,29 – 5,45 теңге аралығында сатылып жатыр.