Halyq Uni логотип
×

ШЫҰ саммиті: Лукашенко долларға тәуелді болмауға шақырды

Ұйым құрамындағы елдер сауда-саттықты ұлттық валютасында жүргізуі керек

 Дәурен Ерболат 04.07.2024 | 16:40
ШЫҰ саммиті: Лукашенко долларға тәуелді болмауға шақырды
фото: akorda.kz

Беларусь президенті Александр Лукашенко Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдерді долларға тәуелді болмауға шақырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«ШЫҰ кешенді күн тәртібінің практикалық өзара іс-қимылын күшейту қажет. Мен (жұмысты) қаржыдан бастауды ұсынамын. Беларусь басымдық беретін мәселе ретінде ұлттық валюталарда екіжақты төлемдер тетігін және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы ұжымдық қаржы институтын құруды қарастырып жатыр.

Біз бәріміз үлкен, ұлы екенімізді айтамыз. Иә, біз шынымен де ұлымыз. Себебі, бізде әлемдегі халықтың шамамен 40%-ы тұрады, жаһандық ЖІӨ-нің үштен бір бөлігі тиесілі. Алайда бәріміз доллардың алдында дірілдейміз. Сондықтан осы долларға азырақ тәуелді болу үшін белгілі бір қадамдар жасайық, - деді Лукашенко Астанада өтіп жатқан ШЫҰ саммитінде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама