×

Қытай Қазақстанның БРИКС-ке қосылуын қолдайды

Бейресми ұйым 2006 жылы құрылған

 Дәурен Ерболат 03.07.2024 | 16:49
Фото: Ақорда

Қытай Халық Республикасы Қазақстанның БРИКС-ке мүше болуын қолдайды. Бұл туралы Қытай төрағасы Си Цзиньпин мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қытай Қазақстанның БРИКС-ке кіруіне және республиканың әлемдегі істерге лайықты үлес қосқысы келетініне қолдау білдіреді, - деді Си Цзиньпин Ақордада.

Төрағаның пікірінше, биыл еліміз ШЫҰ-ға төрағалық етіп, ұйымның дамуына өз үлесін қосып жатыр.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылуының басында Қытай мен Қазақстан тұр. Қазақстан ұйымға төрағалық етіп, ШЫҰ қызметін дамыту мен өзіндік ынтымақтастықты ілгерілетудегі елеулі үлесін қосып жатыр. Астана саммиті сәтті өтетініне және ұйымның қызметі жаңа деңгейге көтерілетініне күмәнім жоқ, - деді ҚХР төрағасы.

БРИКС – 2006 жылы Ресейде құрылған бейресми ұйым. Қазір оған Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка Республикасы, Сауд Арабиясы, БАӘ, Иран, Эфиопия, Мысыр мүше.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама