Алматыда мейрамхана азайып, асхана көбейді

Дәурен Ерболат

Олар 44%-ға кеміген

Фото: Halyq Uni

Алматыда бір жылда мейрамхана азайып, асхана көбейген, деп хабарлайды Telegram-дағы Data Hub арнасы.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың соңында қалада 351 мейрамхана жұмыс істеген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 44%-ға аз. Алайда асханалардың саны 48%-ға көбейіп, 697-і болды.

2022 жылғы деректерге сүйенсек, Алматыда мейрамханалардың саны 2 өсіп, 2010 жылғы максимумға жеткен. Былтыр олардың біразы жабылды деген күдік бар. Алайда мейрамханалардың жабылғаны туралы нақты статистика жоқ.

2020 жылғы коронавирус пандемиясынан кейін асханалардың саны өсіп жатыр. 2 жылдан бері көрсеткіш оң динамикаға ие. Алайда 2012 жылғы рекорд әлі жаңармады – 711 асхана. 2010 жылдан бастап асханалардағы орындар саны максимумға жетті – 73,8 мың орын, бір жылдағы өсім – 84%.

Алматыда тамақтану орындарынан түскен жалпы түсім – 310 млрд теңге. Бірақ 2023 жылы мейрамханалар мен асханалардың нақты қанша пайда тапқаны туралы дерек әлі жарияланбады.