Заңға сәйкес бірқатар өзгеріс енгізілген
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Салық туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Мемлекет басшысы 1 шілде күні «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп мәлімдеді Ақорда.
Баспасөзде жарияланған заңға сәйкес, бірқатар салаға, оның ішінде интернет-платформа мен мобильдік қосымшаны пайдалану, ғылым, медиа, кәсіпкерлік, пайдалы қазбалар туралы тармақтарға өзгерістер енгізілген.
Бір-екеуін атап өтсек, зерттеу университеттері жанынан ғылыми орталықтар ашылған кезде салықтық преференциялар ұсыну, пайдалы қазба байлықтарын барлауға салық ставкаларын кезең-кезеңмен арттыру көзделген.
Заң 2025 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді, дегенмен кейбір жеке норманың енгізілуіне арнайы мерзімдер бекітілген.
Бұған дейін ескі көліктерге салынатын салық азаятыны белгілі болды. Салық төлеушілерге қызмет көрсететін топтар пайда болатыны хабарланды. Зейнетақы жинағының бір бөлігін алып қойғандар салықтан босатылатыны жайлы айтылды. Елімізде енді зейнетақы төлемдерінен табыс салығы алынбайтын болды.