Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында білім бөлімінің басшылары мен есепшілері 4 млрд теңге жымқырған

Бөлім басшылары түрмеге тоғытылды

 Қымбат Елтайқызы 22.06.2024 | 11:40
Түркістан облысында білім бөлімінің басшылары мен есепшілері 4 млрд теңге жымқырған
фото: Halyq Uni

Түркістан облысында білім бөлімінің басшылары мен есепшілерінің мемлекеттік ақшаны жымқыруы бойынша қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Түркістан облысының прокуратурасы Жетісай ауданы білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты мемлекеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда.

Тергеу барысында аудандық білім бөлімінің басшылығы мен есепшілері өздерінің, сондай-ақ туыстары және таныстарының есеп шоттарына белгіленген жалақыдан жоғары ақша аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын жасағаны анықталды. 2021-2023 жылдар аралығында мемлекетке 4 млрд теңгеден астам залал келтірілген, – дейді жергілікті прокуратура.

Облыс прокуратурасының арнайы прокурорлары 41 қызметкерді, оның ішінде 2 білім бөлімінің басшысын, 1 бас есепші, 2 орынбасарын және 36 есепшіні күдікті ретінде таныды. Ауданның бұрынғы және қазіргі білім бөлімінің басшылары ұстау изоляторына жабылып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Қазіргі уақытта қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастырудың барлық мән-жайы және фактілерін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Шымкентте Дендросаябақ басшылығы бюджет қаржысын жымқырған. Түркістан облысында өзіне қатысты іс қозғалғаннан кейін шенеуніктің жүрегі тоқтап қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама