×

Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты мәлімдеме жасады

Оның қандай деңгейде болатыны айтылды

 Қымбат Елтайқызы 06.06.2022 | 14:59
коллаж: Halyq Uni

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14% деңгейінде сақтайтынын хабарлады.

«Қазақстан Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 14,00% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 15,00%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 13,00% болады», – дейді ведомство.

Шешім қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада инфляция тәуекелдерінің ағымдағы теңгерімі, сондай-ақ Ұлттық банктің жаңартылған болжамдары ескеріліп қабылданды. Базалық мөлшерлеменің осы деңгейі жаңа күтпеген өзгерістер болмаған жағдайда 2024 жылға қарай инфляцияның бірқалыпты төмендеуін қамтамасыз етеді. Ақша-кредит талаптары 2023 жылы инфляциялық процестердің баяулауына қарай қалпына келеді.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы көтерді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама