Алматыдағы тарихи форум: Португалия экс-премьері, екі қолы жоқ ұшқыш, АҚШ-та табысқа жеткен үнді әйелі
«New Vision: Бизнес күші» атты форумнан түскен қаражаттың жартысы су тасқынының зардап шеккен өңірлерге қайырымдылық мақсатында жұмсалады
27-29 маусым аралығында Алматы қаласында өтетін «New Vision: Бизнес күші» атты ең ірі бизнес форумы әлемнің түкпір-түкпірінен 50-ден астам жетекші сарапшы мен 1000-нан аса инвесторды тартатын орталыққа айналады.
Nobel Fest және Young Presidents Organization Kazakhstan (YPO) бірлесіп ұйымдастырған бұл форум жай ғана іс-шара емес, тәжірибе, құнды кеңестер мен инновациялық идеялар алмасудың алаңына айналалмақ.
Ең өзекті трендтер мен тенденциялар жайлы өз ойын төменде көрсетілген бизнес әлемінің үздіктері бөліседі:
Ричард Брэнсон – миллиардер, визионер, Virgin Group компаниясының негізін қалаушы және бас директоры;
Джефф Хоффман – Priceline.com/Booking.com, uBid.com тең құрылтайшысы, электронды коммерция саласындағы новатор, жаһандық кәсіпкер, миллиардтық корпорациялардың бас директоры;
Брайан Трейси – өзін-өзі дамыту бойынша әлемдегі ең танымал сарапшы;
Аллан Пиз – нетворкинг бойынша әлемдік сарапшы, «Дене тілі» жаһандық бестселлерінің авторы;
Жозе Баррозу – Goldman Sachs’ International Advisors төрағасы, Португалия премьер-министрі (2002-2004), Еуропалық комиссияның төрағасы (2004-2014);
Джессика Кокс – мотивациялық спикер және лайф-коуч. Гиннесс рекордтар кітабына енген. Екі қолы жоқ болып дүниеге келген Джессика ұшақ басқарады, көлік жүргізеді, аквалангпен суда сүңгиді, жекпе-жек өнерінде қара белбеу иегері;
Винита Гупта – инновация бойынша халықаралық сарапшы, АҚШ-та өз компаниясын IPO-ға сәтті шығарған алғашқы үнді әйелі;
Айдын Рахымбаев – Қазақстандағы BI Group холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы;
Тимур Турлов – қазақстандық кәсіпкер және қаржыгер, Freedom Holding Corp компаниясының бас атқарушы директоры;
Арманжан Байтасов – белгілі қазақстандық медиа менеджер, кәсіби журналист, Tan Media Group басшысы, ТРК «31 канал» және Қазақстандағы тағы да басқа БАҚ-тардың негізін қалаушысы.
Форумда түрлі сала өкілдерінің симбиозы болады: бизнесмендер, инвесторлар, технологиялық мамандар, коучтар, өнер әртістері және т.б.
50-ден астам түрлі сессияда сарапшылар жасанды интеллект әлеміндегі адамзаттың болашағы, заманауи трендтер мен технологиялар, даму стратегиялары, бизнесті ұлғайту, геосаясат, мегатрендтер және олардың әлем болашағына әсері сияқты тақырыптарды көтереді.
Аталған сессиялар аясында форум қатысушыларының мүмкіндіктері болады:
- Бизнесті заманауи жүргізудің қиындықтары мен мүмкіндіктерін талқылауға;
- Перспективті инвестициялық мүмкіндіктер мен нарық трендтері туралы білуге;
- Басқа кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу арқылы өз бизнесін дамыту үшін кеңес пен қолдау алуға;
- Әріптестеріңізбен даму стратегияларын талқылау арқылы іскерлік шеңберді кеңейтуге және жаңа серіктестіктер табуға;
- Бизнестегі табысты көшбасшылар мен сарапшылардан мотивация алуға;
- Ірі компаниялардың құрылтайшыларымен танысып, олардың табыс құпиясын білуге.
Іс-шарадан түскен барлық қаражаттың жартысы Қазақстандағы су тасқынының зардап шеккен аймақтарға қайырымдылық мақсатында жұмсалады.
Осылайша, форумның әрбір қатысушы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге үлес қоса алады. «New Vision: Бизнес күші» форумына қатысу іс-шара қонақтарына әлемнің түкпір-түкпірінен келген жетекші бизнес көшбасшылардан кәсіпкерлік пен бизнестегі жаһандық мегатрендтер туралы баға жетпес тәжірибе мен білім береді.
Форум аясында кәсіпкерлер өздерінің жаңа өнімдері мен қызметтерін нарыққа ұсынатын жаһандық бизнес көрмесі өтеді. Бұдан бөлек, форум аясында стартаптар үшін инвесторлардың назарын аударуға және бизнес-мүмкіндіктерді кеңейтуге қайталанбас мүмкіндік ұсынатын питчинг-сессиялар ұйымдастырылады.
Қатысушалар сондай-ақ бизнестегі әлемдік көшбасшылар мен жабық шеберлік сыныптарына, воркшоптарға және жаһандық YPO мүшелерімен кешкі асқа қатыса алады.
Билеттер жайлы толығырақ біліп, жаңалықтардан қапы қалмау үшін newvision.academy сайтын қараңыз.
Форум өтетін күндер: 2024 жылдың 27 – 29 маусым аралығы;
Форум өтетін уақыт: таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін;
Форум өтетін орын: Алматы қаласы, Достык даңғылы, 56, Республика сарайы.