2025 жылдың қыркүйегіне дейін созылатын өтемақы кезеңі ішінде артық өндірілген көлемді өтейміз
Қазақстан мамырда Қазақстан Республикасының ОПЕК+ келісімі бойынша міндеттемелерін асыра орындауына байланысты мұнай өндіруді азайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, келісіммен бекітілген тәуелсіз дереккөздердің бағалауы бойынша еліміз мамырда өз міндеттемелерін тәулігіне 45 мың баррельге асыра орындаған.
Қазақстан осы артық өндірісті өтейді және қосымша ерікті қысқартуларды қоса алғанда, маусым айында міндеттемелерді толық орындайды. Бұдан басқа, 2024 жылдың басынан бастап, 2025 жылдың қыркүйек айының соңына дейін созылатын өтемақы кезеңі ішінде артық өндірілген көлемді өтейді», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ министрліктің баспасөз қызметі алдағы күндері ОПЕК хатшылығына өтемақы төлеудің жаңартылған кестесін ұсынатынын мәлімдеді.