Halyq Uni логотип
×

«Жетістік те, сәтсіздік те бар». Ресейге салынған санкция Қазақстанға қалай әсер етіп жатыр?

Үкімет басшысының орынбасары мәселе күрделі екенін ашық айтты

 Дәурен Ерболат 05.06.2024 | 17:37
«Жетістік те, сәтсіздік те бар». Ресейге салынған санкция Қазақстанға қалай әсер етіп жатыр?
Фото: Halyq Uni

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Ресейге салынған санкциялар Қазақстанға қалай әсер етіп жатқанын түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкімет басшысының орынбасары мәселе күрделі екенін ашық айтты.

«Шын мәнінде жағдай өте ауыр. Шындығын айтсақ, осыған байланысты көптеген логистикалық және сауда тізбегі үзілді. Біз коалиция мүшесі емеспіз. Санкция саясатын біржақты қолдамаймыз. Алайда бұл талапты ұстанамыз. Себебі, бұл бізге экономикалық тұрғыдан тиімді.

Біз – экономикасы шағын мемлекетпіз, санкция қысымына төтеп бере алмаймыз. Сондықтан біз үнемі диалог орнатып келеміз. Мен бұл жұмысты вице-премьер ретінде бақылап отырмын. Бұл мәселе бойынша Қазақстанда жұмыс тобы құрылған. «Шешім қабылдайтын» АҚШ және ЕуроОдақ елдерімен байланыстамыз», - деді Серік Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Вице-премьер Қазақстанда санкцияға ілігу қаупі бар компаниялар барын жоққа шығармады.

Қажырлы еңбекті талап ететін жұмыс. Сыртқы саясатта жүргізілген тиімді жұмыстардың нәтижесінде Қазақстанның үнемі ескертуге мүмкіндігі бар. Біз әрдайым белгілі бір компанияларға қатысты ескерту алып отырмыз, - деді ол.

Сондай-ақ Серік Жұманғарин Қазақстан бұл мәселеде өз мүддесін қорғап жатқанын жеткізді.

«ЕуроОдақ Ресей мен Беларусь бидайына импорттық баж салығын салды. Өте маңызды аргумент. Енді оның Қазақстанға қандай жағдайда әсері болмайтынын түсіну керек. Өйткені, біз ЕуроОдаққа бидайды көп экспорттаймыз.

Мұнда жетістіктер де, сәтсіздіктер де бар. Алайда біз жүргізіп отырған санкциялық саясаттың аясында өз ұстанымымызды, яғни кәсіпкерлеріміз санкцияға ілінбес үшін олардың мүддесін қорғап жатырмыз», - деді вице-премьер.

Бұған дейін Қаржы министрінің орынбасары Дәурен Темірбеков Ресейге салынған санкциялар Қазақстан экономикасына қалай әсер еткенін айтып, бюджет жоспары толық орындалмауына әсер еткен негізгі факторларды атады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама