Тек 2 қалада баға сәл көтерілген
Қазақстанда пәтер арзандап жатыр, деп хабарлады krisha.kz.
Биыл мамырдағы теріс динамика соңғы 10 айдағы рекордтық көрсеткіш болып шықты. Яғни елімізде пәтердің бағасы орташа есеппен 1%-ға төмендеген.
Бұл динамика Петропавл мен Тараздан басқа барлық қалада байалды. Аталған 2 шаһарда баға шамамен 0,2-0,6% өсті.
Қазақстанда бір шаршы метрдің орташа бағасы 369,8 мың теңге болды.
Алматыда 2 ай бойы баспана бағасы төмендеп жатыр. Онда сәуірден бері баға 3% түскен.