×

Елімізде пәтердің бағасы төмендеп жатыр

Тек 2 қалада баға сәл көтерілген

 Дәурен Ерболат 04.06.2024 | 17:56
Фото: domclick.ru

Қазақстанда пәтер арзандап жатыр, деп хабарлады krisha.kz.

Биыл мамырдағы теріс динамика соңғы 10 айдағы рекордтық көрсеткіш болып шықты. Яғни елімізде пәтердің бағасы орташа есеппен 1%-ға төмендеген.

Бұл динамика Петропавл мен Тараздан басқа барлық қалада байалды. Аталған 2 шаһарда баға шамамен 0,2-0,6% өсті.

Қазақстанда бір шаршы метрдің орташа бағасы 369,8 мың теңге болды.

Алматыда 2 ай бойы баспана бағасы төмендеп жатыр. Онда сәуірден бері баға 3% түскен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама